Жалпы ақпарат
істеуіне себеп болуы мүмкін, тіпті
батареяның зарядын азайтуы мүмкін.
Осы нұсқаулықтағы суреттер құрылғы
дисплейіндегіден басқаша болуы мүмкін.
i)Бір хабардың таңбалар санына
қойылатын шектеуден асатын мәтін
хабарларын жіберуге болады. Ұзынырақ
хабарламалар екі немесе одан да көп
хабарламалар түрінде жіберіледі. Сіздің
қызмет көрсетушіңіз тиісті ақы алуы
мүмкін.
Екпінді таңбалар, басқа белгілер немесе
кейбір тіл опциялары көбірек орын алып,
бір хабармен жіберуге болатын
таңбалардың санын шектейді.
Суретті хабарлар әртүрлі құрылғыларда
әртүрлі көрінуі мүмкін.
Радио тыңдау үшін, құрылғыға үйлесімді
шағын гарнитура жалғау керек.
Құлақаспап антенна қызметін атқарады.
iii)Жарқылды адамдардың көзіне
бағыттамаңыз.
iv)Хабарларды кейбір тілдерде жіберу
және қабылдау – желі қызметі. Пайдалану
мүмкіндігін білу үшін, провайдерге
хабарласыңыз. Хабарларды тек таңдалған
тілді қолдайтын құрылғыларға ғана
жіберіңіз.
Желі қызметтері мен бағалары
Құрылғыңыз келесіде пайдалану үшін
бекітілген: EGSM 900 және 1800 МГц
желілері . Телефонды қолдану үшін,
қызмет провайдерінің қызметтеріне
жазылуыңыз қажет.
Желілік қызметтерді қолдану немесе
мазмұнды құрылғыға жүктеу үшін желілік
байланыс қажет және оның нәтижесінде
деректер трафигі үшін ақы алынуы мүмкін.
Өнімнің кейбір мүмкіндіктері желі
қолдауын қажет етеді және оларға жазылу
қажет болуы мүмкін.
Құрылғы күтімі
Құрылғыны, батареяны, зарядтағышты
және көмекші құралдарды ұқыптап
ұстаңыз. Төмендегі ұсыныстар
кепілдігіңіздің күшін сақтауға көмектеседі.
•
Құрылғыны су тигізбеңіз. Жауын-
шашынның, ылғалдың және сұйықтардың
құрамында электрондық тізбектердің тот
басуына себепші болатын минералдар
болуы мүмкін. Егер құрылғыңыз
дымқылданып кетсе, батареяны шығарып
алып, құрылғыны құрғатыңыз.
•
Құрылғыны шаң немесе лас жерлерде
пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
Қозғалмалы бөліктері мен электрондық
бөлшектері зақымдануы мүмкін.
•
Құрылғыны жоғары температурада
сақтамаңыз. Жоғары температура
құрылғының қызмет мерзімін қысқартып,
батареяларды зақымдауы және пластик
бөліктерінің қалпын бұзуы немесе
балқытып жіберуі мүмкін.
28
ii)
•
Құрылғыны суық температурада
сақтамаңыз. Құрылғы қалыпты
температураға дейін жылығанда, оның
ішінде ылғал пайда болып, электрондық
тізбек тақталарын зақымдауы мүмкін.
•
Құрылғы пайдаланушы
нұсқаулығында көрсетілгеннен басқа
жолдармен ашуға болмайды.
•
Рұқсат берілмеген өзгерістер
құрылғыны зақымдап, радио
құрылғыларды реттейтін ережелерді
бұзуы мүмкін.
•
Құрылғыны лақтырушы, соғушы
немесе шайқаушы болмаңыз. Ұқыпсыз
пайдаланудан ішкі тізбек тақталары мен
механизмдер зақымдануы мүмкін.
•
Құрылғының бетін тазалау үшін тек
жұмсақ, таза, құрғақ шүберекті
пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны боямаңыз. Бояу
қозғалатын бөлшектерінің қозғалысын
қиындатып, дұрыс жұмыс істеуіне кедергі
келтіруі мүмкін.
•
Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін,
мезгіл-мезгіл құрылғыны өшіріп,
батареяны алып тұрыңыз.
•
Құрылғыңызды магниттерден немесе
магнит өрістерінен алыс сақтаңыз.
•
Маңызды деректерді қауіпсіз сақтау
үшін, оны құрылғы, жад картасы немесе
компьютер сияқты кемінде екі бөлек жерде
сақтаңыз немесе маңызды ақпаратты
қағазға жазып қойыңыз.
Қайта пайдалану
Әрдайым пайдаланылған электрондық
бұйымдарды, батареяларды және орауыш
материалдарды арнаулы жинау орнына
өткізіңіз. Осылайша сіз қалдықтың
қараусыз тасталуына жол бермей,
материалдардың қайта пайдаланылуына
көмектесесіз. Өнімнің қоршаған ортаны
қорғауға қатысты мәліметтерін және Nokia
өнімдерін қайта өңдеу жолын
www.nokia.com/werecycle торабынан
қараңыз.
Үсті сызылған дөңгелегі бар себет белгісі
Бұйымдағы қиылысқан сызығы бар
дөңгелекшелі кәрзеңке белгісі, нұсқаулық
немесе орауыш барлық электр және
электрондық бұйымдардың,
батареялардың және аккумулятордың
жұмыс мерзімі біткеннен кейін бөлек
жиналуы керек екенін есіңізге салады. Бұл
талап Еуропалық Одақта қолданылады.
Бұл бұйымдарды сұрыпталмаған қалалық
қоқысқа тастамаңыз. Құрылғының
экологиялық параметрлері туралы
қосымша ақпаратты www.nokia.com/
ecodeclaration торабынан қараңыз.
Батареялар және зарядтағыштар
Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Бұл құрылғы BL-5CB зарядталатын
батареямен пайдалануға арналған. Nokia
бұл құрылғы үшін қосымша батарея
түрлерін шығаруы мүмкін. Әрқашан Nokia
корпорациясы шығарған батареяларды
пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат
алу кезінде пайдалануға арналған: AC-3 .
29
Nokia зарядтағышы үлгісінің дәл нөмірі
қосқыш түріне қарай әр түрлі болады,
олар E, X, AR, U, A, C, K немесе B әріптері
анықталады.
Батареяны жүздеген мәрте зарядтап,
зарядсыздандыруға болады, бірақ ол
ақыры тозады. Сөйлесу және күту
режимдері көрсетілген қалыпты уақыттан
қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз.
Батарея қауіпсіздігі
Батареяны шешіп аларда әрқашан
құрылғыны өшіріп, зарядтағышты
ажыратыңыз. Зарядтағышты немесе
қосымша аспапты ажыратқаныңызда,
сымнан емес, ашаның өзін ұстап тартыңыз.
Зарядтағыш пайдаланылмаған кезде, оны
розетка мен құрылғыдан ажыратып
қойыңыз. Толық зарядталған батареяны
зарядтағышқа қосулы күйде қалдырмаңыз,
себебі асыра зарядтау батареяның қызмет
мерзімін қысқартуы мүмкін. Егер
пайдаланусыз қалса, зарядталған батарея
уақыт өтісімен өзінің зарядын жоғалтады.
Батареяны әрдайым 15°C пен 25°C (59°F
пен 77°F) температура аралығында
сақтаңыз. Шамадан тыс температура
батареяның сыйымдылығын азайтып,
қызмет мерзімін қысқартады. Батареясы
ысып кеткен немесе суынған құрылғы
уақытша жұмыс істемей қалуы мүмкін.
Қысқа тұйықталу металл зат батареяның
металл жолақтарына тигенде, мысалы,
қалтаңызға қосалқы батарея салып
жүргеніңізде кездейсоқ орын алуы мүмкін.
Қысқа тұйықталу батареяны немесе
байланыстырғыш затты бүлдіруі мүмкін.
Батареяларды отқа тастамаңыз, себебі
олардың жарылуы мүмкін. Батареяларды
жергілікті құзырлы органдардың
ережелеріне сәйкес пайдаланыңыз.
Мүмкін болған жағдайда қайта өңдеуге
жіберіңіз. Тұрмыстық қалдық түрінде
қоқысқа тастамаңыз.
Батареяларды немесе ұяшықтарын
аршымаңыз, кеспеңіз, ашпаңыз, қыспаңыз,
майыстырмаңыз, теспеңіз немесе
майдаламаңыз. Батареядан сұйықтық ақса,
батареяның сұйықтығын теріге немесе
көзге тигізіп алмаңыз. Осындай жағдай
орын алса, тиген жерді бірден сумен
жуыңыз немесе медициналық көмек
алыңыз.
Батареяның түрін өзгертпеңіз, қайта
жасамаңыз, басқа заттарды оның ішіне
салуға талпынбаңыз немесе оны суға
немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз
немесе салмаңыз. Батареялар бүлінгенде
жарылуы мүмкін.
Батарея мен зарядтағышты тек олардың
арнаулы мақсаттарына сай пайдаланыңыз.
Рұқсат етілмеген батареяларды немесе
үйлесімсіз зарядтағыштарды пайдалану
немесе оларды дұрыс пайдаланбау өрт,
жарылыс қаупін немесе басқа қауіп
төндіруі және кез келген рұқсатты немесе
кепілдікті күшінен айыруы мүмкін. Егер
батарея немесе зарядтағыш бүлінген деп
30
ойласаңыз, оны пайдаланар алдында
тексерту үшін қызмет көрсету орталығына
алып барыңыз. Зақымдалған батареяны
немесе зарядтағышты ешқашан
пайдаланбаңыз. Зарядтағышты тек жабық
жай ішінде пайдаланыңыз.
Қосымша қауіпсіздік ақпарат
Төтенше қоңырау шалу
1. Құрылғының қосулы болуын
қамтамасыз етіңіз.
2. Сигнал күшінің жеткіліктілігін
тексеріңіз. Сондай-ақ, төмендегілерді
істеуіңіз қажет болуы мүмкін:
•
SIM картасын салыңыз.
•
Құрылғыға орнатылып қойған
қоңырауға тыйым салу, бекітілген нөмір
теру немесе жабық абоненттер тобы
сияқты қоңырау шектеулерін ажыратыңыз.
•
Желіден тыс немесе ұшу режимі
қосылмағанын тексеріңіз.
3. Аяқтау түймесін басты экран пайда
болғанша қайталап басыңыз.
4. Жергілікті аймақтағы ресми төтенше
қызмет нөмірін енгізіңіз. Төтенше қызмет
нөмірлері әр жерде әртүрлі болады.
5. Шақыру түймесін басыңыз.
6. Қажетті ақпаратты мүмкіндігінше дәл
беріңіз. Рұқсат берілгенге дейін
байланысты аяқтамаңыз.
Маңызды: Құрылғы интернет
қоңырауларын қолдаса, интернет және
ұялы телефон қоңырауларының екеуін де
іске қосыңыз. Құрылғы ұялы желі арқылы
да, интернет қоңырауы провайдері арқылы
да төтенше қоңырау шалуға әрекеттенуі
мүмкін. Байланыстың барлық жағдайда
орнатылатынына кепілдік беру мүмкін
емес. Медициналық жәрдем шақыру
сияқты маңызды байланыс орнату үшін тек
сымсыз құрылғыға сенім артушы
болмаңыз.
Кішкентай балалар
Құрылғы мен оның аксессуарлары
ойыншық емес. Олардың құрамында
кішкентай бөлшектердің болуы мүмкін.
Оларды кішкентай балалардан аулақ
ұстаңыз.
Медициналық құрылғылар
Радио хабар тарату жабдығының, соның
ішінде, сымсыз телефонның жұмысы
жеткілікті қорғалмаған медициналық
құрылғылардың жұмысына кедергі
келтіруі мүмкін. Сыртқы радио жиілік
қуатынан жеткілікті түрде қорғалғанын
анықтау үшін, физикпен немесе
медициналық құрылғының өндірушісімен
ақылдасыңыз.
Алмастырылған медициналық
құрылғылар
Медициналық құрылғыға кедергі жасауға
жол бермеу үшін медициналық
құрылғыларды өндірушілер сымсыз
құрылғы мен имплантация жасайтын
медициналық құрылғылар, мысалы,
электрондық жүрек стимуляторы немесе
имплантация жасайтын кардиовертер-
дефибриллятор арасындағы қашықтық
кемінде 15,3 сантиметрді (6 дюйм) құрауы
тиіс деген кеңес береді. Мұндай
31
құрылғыларға ие адамдар төмендегілерді
орындауы тиіс:
•
Әрдайым сымсыз құрылғыны
медициналық құрылғыдан 15,3 сантиметр
(6 дюйм) алыс ұстаңыз.
•
Сымсыз құрылғыны төс қалтаға салып
жүрмеу керек.
•
Сымсыз құрылғыны медициналық
құрылғыға қарама-қарсы жақтағы
құлағыңызға ұстаңыз.
•
Кедергі барынан күмәнданған
жағдайда, сымсыз құрылғыны өшіру керек.
•
Имплантация жасайтын медициналық
құрылғыға қатысты өндіруші нұсқауларын
орындаңыз.
Егер сізде алмастырылған медициналық
құрылғыны сымсыз құрылғымен
пайдалану жөнінде сұрақтарыңыз болса,
денсаулық сақтау орталығымен кеңесіңіз.
Есту қабілеті
Ескерту Шағын гарнитураны
пайдалану сыртқы дыбыстарды есту
қабілетіңізге әсер етуі мүмкін.
Қауіпсіздігіңізге қатер төндіретін жағдайда
шағын гарнитураны пайдаланбаңыз.
Кейбір сымсыз құрылғылар кейбір есту
аппараттарына кедергі келтіруі мүмкін.
Никель
Бұл құрылғының бетінде никель
болмайды.
Құрылғыны зиянды мазмұннан қорғау
Құрылғыңыз вирус және басқа зиянды
мазмұнның шабуылына ұшырауы мүмкін.
Төмендегі сақтық шараларын орындаңыз:
•
Хабарларды ашқанда сақ болыңыз.
Олардың құрамында зиянды
бағдарламалар немесе құрылғыңызды
немесе компьютеріңізді зақымдайтын
басқа да зиянды нәрселер болуы мүмкін.
•
Байланыс сұрауларын алғанда,
интернетті шолғанда немесе мазмұнды
жүктеп алғанда сақ болыңыз.
•
Тек сенімді және жеткілікті қауіпсіздік
пен қорғау мүмкіндігін ұсынатын
көздерден алынған қызметтер мен
бағдарламаларды орнатып,
пайдаланыңыз.
•
Құрылғыңызға және кез келген
қосылған компьютерге вирусқа қарсы
және қауіпсіздікті қамтамасыз ету
бағдарламаларын орнатыңыз. Бір уақытта
тек бір антивирустық қолданбаны
пайдаланыңыз. Бірнешеуін қолдану
құрылғының және/немесе компьютердің
өнімділігі мен жұмысына әсер етуі мүмкін.
•
Егер үшінші тараптардың алдын ала
орнатылған бетбелгілері мен сілтемелерін
пайдалансаңыз, тиісті сақтық шараларын
қолданыңыз. Nokia мұндай тораптарды
мақұлдамайды және олар үшін жауап
бермейді.
Жұмыс істеу ортасы
Бұл құрылғы құлақ тұсында немесе
денеден 1,5 сантиметр (5/8 дюйм) алыс
бірқалыпты пайдалану кезінде радио
жиілік нұсқауларын орындайды.
Тасымалдау сөмкесінде, белдік қысқышта
немесе арқалап алуға арналған ұстағышта
32
метал болмауы керек және құрылғыны
денеңізден жоғарыда көрсетілген
аралықта ұстаңыз.
Деректер файлдары мен хабарларды
жіберу үшін желіге сапалы байланыс
орнатылуы керек. Сапалы байланыс
қатынаулы болмайынша, деректер
файлдарының немесе хабарлардың
кешіктірілуі мүмкін. Берілу аяқталғанша,
бөлектеу қашықтығына қатысты
нұсқауларды орындаңыз.
Көлік құралдары
Радио сигналдары көліктердегі дұрыс
орнатылмаған немесе жеткілікті
қорғалмаған электрондық жүйелерге,
мысалы, электрондық жанармай бүрку
жүйесіне, тежеуге қарсы электрондық
құлып жүйесіне, электрондық
жылдамдықты бақылау жүйесіне және
қауіпсіздік жастықшасының жүйесіне әсер
етуі мүмкін. Толық ақпарат алу үшін
көлігіңіздің немесе оның жабдығының
өндірушісімен тексеріңіз.
Құрылғыны көлікке тек білікті
қызметкерлер орнатуы тиіс. Дұрыс
орнатпау немесе қызмет көрсетпеу қауіпті
және кепілдігіңізді жарамсыз етуі мүмкін.
Көліктегі барлық сымсыз құрылғылардың
дұрыс орнатылғанын және жұмыс істеп
тұрғанын тұрақты тексеріп отырыңыз. Тез
тұтанғыш сұйықтықтарды, газдарды
немесе жарылғыш заттарды құрылғымен,
оның бөліктерімен немесе қосалқы
құралдарымен бір бөлімде сақтамаңыз.
Қауіпсіздік жастықшаларының қатты
күшпен ашылатынын ұмытпаңыз.
Құрылғыңызды немесе аксессуарларын
қауіпсіздік жастықшасы ашылатын жерге
қоймаңыз.
Жарылу қаупі бар орталар
Жарылыс ықтималы бар (мысалы, қызмет
көрсету станцияларындағы бензин
сорғыларының жанында) кез келген жерде
құрылғыны өшіріңіз. Мұндай аймақта
ұшқынның пайда болуы дене жарақатына
немесе өлімге әкеп соғатын жарылысқа
немесе өртке себепші болуы мүмкін.
Жанармай құю станцияларында, сақтау
және тарату аймақтарында, химиялық
зауыттарда немесе жарылыс жұмыстары
орындалып жатқан жерлерде шектеулерді
қадағалаңыз. Жарылу қаупі бар
атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады.
Бірақ бұл таңбалар әрқашанда анық бола
бермейді. Олар көлігіңіздің қозғалтқышын
өшіріп қоюға кеңес беретін аймақтарды,
кемелердегі палубалардың астын,
химиялық заттарды таситын немесе
сақтайтын орындарды және ауаның
құрамында химиялық заттар немесе астық,
шаң немесе металл ұнтақтары сияқты
заттар болатын жерлерді қамтиды.
Олардың аймағында осы құрылғыны
пайдалану қауіпсіз бе, жоқ па анықтау үшін
(пропан немесе бутан сияқты) мұнай
газдарды пайдаланатын көлік
өндірушілерімен ақылдасуыңыз қажет.
Куәландыру туралы ақпарат (ҮСД)
Құрылғы радио толқындарының әсері
нұсқауларына сәйкес келеді.
33
Сіздің мобильді құрылғы радио хабаршысы
және радио қабылдағыш ретінде де
қолданылады. Ол халықаралық
нұсқаулармен бекітілген радио толқындар
әсері шектеуінен шықпайтындай етіліп
жасақталған. Бұл ережелер ICNIRP тәуелсіз
ғылыми ұйымымен жетілдіріліген және
барлық адамдарды жасына және
денсаулығына қарамастан қорғауға
кепілдік беру үшін дайындалған қауіпсіздік
шараларын қамтиды.
Мобильді құрылғы нұсқаулары Үлестік
сіңіру деңгейі немесе ҮСД өлшем бірлігін
қолданылады. ICNIRP бекіткен ҮСД шектеуі
дененің 10 грамы үшін 2,0 ватт/килограмм
(Вт/кг) құрайды. ҮСД үшін тексерулер
барлық тексерілген жиілік белдеулеріндегі
жоғарғы рұқсат етілген қуатты құрылғыға
стандартты жұмыс күйін қолданады.
Жұмыс үстіндегі құрылғының ҮСД
көрсеткіші ең жоғарғы дыбыс деңгейінен
төмен болуы мүмкін, себебі құрылғы желіге
жететін ғана қажетті қуатты пайдаланады.
Бұл мөлшер бірнеше факторларға, мысалы
сіздің желі негізі бекетіне қаншалықты
жақын орналастыруыңызға байланысты
өзгереді.
Құрылғыны құлаққа тигізіп пайдалануға
арналған ICNIRP ережелері бойынша ең
жоғарғы ҮСД мәні - 1,15 Вт/кг .
Құрылғының қосымша аспаптарын
қолдану нәтижесінде әртүрлі ҮСД мәндері
шығады. ҮСД мәндері мемлекеттік есеп
беру және тексеру талаптарына және желі
таралымына тәуелді. ҮСД туралы қосымша
мәліметті www.nokia.com веб-
торабындағы өнім ақпаратының ішінен
табуға болады.
СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕСІ
0434
Nokia ЕО өкілеттік берген ұлттық ұйымдар
арасында тасымалдауда және бұл өнім екі
ұлттық үкімет өкілеттік берген ұлттық
ұйымдармен EО ережелеріне сай келетін
ретінде бекітілген. Көрсетілген CE
белгілерінің бірі өткізу кезеңі барысында
өнімде пайда болады.
Осы құжат арқылы NOKIA CORPORATION
бұл RM-647 өнімінің 1999/5/EC
директивасының негізгі талаптарына және
басқа да тиісті шарттарына сәйкес
келетінін мәлімдейді. Сәйкестік
мәлімдемесінің көшірмесін http://
www.nokia.com/global/declaration.
© 2011-2012 Nokia. Барлық құқықтары
қорғалған.
Nokia, Nokia Connecting People және Navi –
Nokia Corporation сауда белгілері немесе
тіркелген сауда белгілері. Nokia tune Nokia
Corporation-ның дыбыстық белгісі болып
табылады. Бұл құжатта басқа да өнімдер
және компания атаулары олардың тиісті
34
меншік сауда белгілері немесе сауда
атаулары болуы мүмкін.
Бұл құжат мазмұнының бір бөлігін немесе
барлығын Nokia корпорациясының алдын
ала жазбаша рұқсатынсыз қандайда бір
жолмен қайта дайындауға, үшінші жаққа
беруге, таратуға немесе сақтауға тыйым
салынады. Nokia корпорациясы үздіксіз
дамыту саясатын ұстанады. Nokia
компаниясы осы құжатта бейнеленген кез
келген өнімді алдын ала ескертусіз
өзгертуге және жақсартуға құқылы.
Қолданыстағы заңмен рұқсат етілген
барынша көп дәрежеде Nokia
корпорациясы немесе оның лицензия
берушілерінің кез келгені ешқандай
жағдайда қандай да бір деректердің
немесе табыстың жоғалуына немесе қалай
болмасын пайда болған қосымша,
қосымша, жанама немесе тікелей емес
зияндардың кез келгеніне жауап бермейді.
Бұл құжаттың мазмұны "сол қалпында"
берілген. Қолданыстағы заңмен талап
етілгеннен басқа жағдайда, кепілдік
түрлерінің ешқайсысы, бекітілген немесе
заңмен негізделген болмасын, сатуға
арналған жарамдылық және белгілі бір
мақсатқа сәйкестік туралы заңға
негізделген кепілдіктер, олармен
шектелместен, осы құжаттың
ұқыптылығына, сенімділігіне немесе
мазмұнына сәйкес жасалған. Nokia
корпорациясы осы құжатты тексеру
немесе оны кез келген уақытта алдын ала
ескертусіз алу құқығын өзінде қалдырады.
Өнімдерді, мүмкіндіктерді,
бағдарламаларды және қызметтерді
пайдалану мүмкіндігі аймақтарға қарай
әртүрлі болуы мүмкін. Қосымша ақпарат
алу үшін, Nokiа дилеріне немесе қызмет
провайдеріне хабарласыңыз. Экспорттық
бақылау. Бұл құрылғы АҚШ және басқа
елдерден заңдар мен реттеушілерді
экспорттайтын, сату тауарларын,
технологияны немесе бағдарламаны
қамтамасыз ететін пәннен тұрады. Заң
талаптарын орындамай ауытқуға тыйым
салынады.
35
3.2-басы лым KK